Дәрігерлер миына ота жасап жатқанда, әйел скрипкада ойнаған - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдік дәрігерлер таңғаларлық ота жасады. Олар тремордан зардап шегіп, көп жылдар өнер көрсете алмаған скрипкашыға операция жасады. Бұл үрдістің ерекшелігі - хирургтар ота жасап жатқанда әйел ояу болып, скрипкада ойнады, деп хабарлады Jerusalem Post.

Дәрігерлер миына ота жасап жатқанда, әйел скрипкада ойнаған - ВИДЕО

Наоми Элишав оркестр құрамында ойнаған, алайда 20 жыл бұрын ол сүйікті ісінен бас тартуға мәжбүр болды. Дәрігерлер оған тремор диагнозын қойып, бұл дерттен сауықтыру мүмкіндігі жоқтығын хабарлады.

Ал 10 қыркүйекте Наомидің өміріндегі айтулы оқиға болды.

Ота түсірілген видео YouTube-қа орналастырылды. Онда скрипкашы Моцарт шығармаларын ойнауға тырысып жатқаны, ал дәрігерлер оған ота жасап жатқаны бейнеленген.