Дәрігерлер науқас балалар үшін флешмоб биледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында клиникада ем алып жатқан балаларға арнап «Армансыз күнім болмайды» мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлер науқас балалар үшін флешмоб биледі

Бұл шараны «Help Today» қоғамдық қоры мен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы ұйымдастырды.null

Бұл ауыр дертке шалдыққан балаларға мереке, қуаныш сыйлау, аты жаман ауруды жеңуге деген сенім ұялату, көңілдерін көтеру арқылы бір сәтке ауруын ұмыттыру, психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басшысы Риза Боранбаева мен «Help Today» қоғамдық қорының жетекшісі Эльмира Алиева балаларға жылы тілектерін айтып, барша қауымды Балалар күнімен құттықтады.

Мерекелік концертке Парвиз Назаров, Айдана Меденова, «Талисман» тобы, «Tribal Pro» би тобы, Райм мен Артур сияқты эстрада жұлдыздары қатысып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Өнер жұлдыздарымен бірге орталықта ем алып жатқан балалар мен олардың ата-аналары өнер көрсетті. Сонымен қатар дәрігерлер де шарадан қалыс қалмай, флеш-моб ұйымдастырып, арнайы биін балаларға тарту етті.null

Шара барысында орталықта ем алған, ауыр дертті бір емес, екі рет жеңген, ұзақ және қиын жолдан өткен Алин Абдулам сөз сөйлеп, аурумен қалай күрескендігі жөнінде айтып, балаларға жақсылыққа деген сенім тіледі.

Балалар үшін аквагрим мен фотосессиялар ұйымдастырылды. «We Art» ұйымының еріктілері мен аниматорлары бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, балалармен бірлесе түрлі ойындар ойнады.null

Мереке соңында шараға қатысқан балалар мен Сурет байқауының жеңімпаздары «Help Today» қоғамдық қорының сыйлықтарымен және арнайы дипомдарымен марапатталды.

Айтулы мерекемен сонымен қатар «Бауыржан» қайырымдылық қоры құттықтап, кардиология, онкология және гематология бөлімінде жатқан барша балаға түрлі сыйлықтар үлестіріп, науқас балалардың жүздеріне қуаныш сыйлады.

null null