Дәрігерлер сал болып қалған аяққа ота жасамай-ақ жан бітірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәрігерлер алғаш рет сал болып қалған адамдардың аяқтарына ота жасамай-ақ жан бітірді, деп жазады korrespondent.net.
None
None

Дәрігерлердің жаңа тәжірибесіне бірнеше жыл бойы аяғы сал болып қалған 19 бен 56 жас аралығындағы 5 адам қатысты. Еріктілер профессор Виктор Эджертонның жетекішілігімен емдеу курсынан өтті. Олар 18 апта бойы бір аптада 45 минуттан үздіксіз жаттығулар жасаған. Сондай-ақ 4 апта бойы күніне екі рет буспирон қабылдаған.

Сонымен бірге емделушілерге құйымшағы мен беліне ереrшке электрлік сигнал беретін электродтар орналастырылды. Нәтижесінде барлығы 5 емделуші де аяқтарын қозғалта бастаған.

Дәрігерлердің айтуынша, әзірге емделушілер 100 пайыз жүгіріп кетеді кепілдік бере алмайды. Алайда олардың аяқтарына жан бітіп қозғала бастағаны да үлкен жетістік дейді.

Соңғы жаңалықтар