Дәрігерлер Шумахерді комадан шығару терапиясын тоқтатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Неміс автошабандозы Михаэль Шумахер комада жатыр, дәрігерлер оның сауығып кетуі үшін бар күштерін салған болатын. Бірақ бұл ем нәтиже бермеді.
«Оның денсаулығында ешқандай жақсару жоқ, дәрігерлер оны комадан шығару терапиясын тоқтатты», деп хабарлайды Focus.
Шумахердің денсаулығына қатысты өзге ақпараттар жоқ.
Еске салайық, 45 жастағы Михаэль Шумахер екі айдан бері ес-түссіз жатыр. 29 желтоқсанда ол Францияның Альпі тауларында сырғанап жүргенінде тау шаңғысынан құлап, басына аса ауыр зақым келген болатын. Қазір әлемнің ең танымал автошабандозы Гренобльдағы ауруханалардың бірінде жатыр.