Дәрігерлер: Темекі шегу соқыр қылады
АСТАНА: ҚазАқпарат - Макулярлық дегенерация - адамды жанарынан айыратын ең қауіпті сырқаттардың бірі. Оның соңы атрофияға ұласып, көздің көруін жүзеге асыратын қабаттардың қызметі төмендейді, деп жазады Росбалт.
Дәл осындай дертке шалдығу қаупі темекі шегетін адамдарда жоғарырақ болып шықты, деп жазады Meddaily.
Бұл жайлы Висконсин университетінің ғалымдары ұзақ уақытқа созылған (1988 жылдан бері) жан-жақты зерттеу жүргізген. Оған 5 мыңға жуық темекі шегетін адам қатысқан. Әу баста олардың жанарлары суретке түсіріліп алынған, содан кейін әр 5 жыл сайын суретті жаңалап отырған.
Зерттеудің соңына дейін 4439 адам жеткен. Нәтижесінде макулярлық дегенерация қатысушылардың 24%-ында пайда болған. Ал, 4,5%-ы бұл дерттің асқынған түріне шалдыққан.