Дәрігерлер тірі баланы өлдіге санап, полиэтилен пакетке салып берген

АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - Екi жастағы бразилиялық сәби Келвин Сантос өкпе қабынуынан қайтыс болады. Дәрiгер­лер ата-анасына баланы поли­эти­лендi пакетке салып бередi.

Дәрігерлер тірі баланы өлдіге санап, полиэтилен пакетке салып берген

Байғұс ата-ана түнi бойы жылап-сықтап табыттың қасында отырады. Ертесiнде, қоштасу рәсiмi кезiнде табытта жатқан бала кенеттен басын көтерiп әкесiнен су сұрайды. 

Қорқып кеткен туыстарының жан айқайы шығыпты, ал анасы байғұс қуанғаннан "Ұлым бұ дүние­ге қайта оралды" деп жылап жiбередi. Су сұрағаннан кейiн кiшкентай Келвин қайтадан табыт­қа құлайды. Бұдан соң ата-анасы баланы тездетiп ауруханаға жет­кiзедi. Медициналық тексерiстен кейiн Келвиннiң өлi екенi анықталады. Ал Келвиндер отбасы "баламыз тiрi болған екен, дәрiгерлiк қателiк кетiптi", - деп дәрiгерлердiң үстiнен полицияға арыз бердi. Дегенмен де марқұмның қатты сас­қан ата-анасы көпке дейiн ұлдарының өлi денесiмен не iстерiн бiлмеген. Келвиннiң екiншi рет "оянуы" мүмкiн ғой деген үмiтпен олар ұлдарын жерлеудi бiраз уақыт кешеуiлдетiптi де.

Жас Алаш