Дәрігерлер Ж.Досқалиевтің өтініші бойынша жалған диагноз қойғандықтарын мойындады - Қаржы полициясы
Қыркүйектің 30-ында қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған Денсаулық сақтау министрі Ж.Досқалиевтің ауруды сылтауратып отырғандығын айғақтайтын бейнежазбаны көрсеткендіктерін атап өткен ол: «Алайда қазанның 1-інде Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың дәрігерлері жалған ауыр науқас Ж.Досқалиевтің журналистермен фото және бейне түсірілімін ұйымдастырып, жұртшылықты алдауды жалғастырды», деді.
Ресим өкілдің айтуына қарағанда, тергеу барысында күдіктіні қараған әрі оған комалық жағдайда деп диагноз қойған дәрігерлерден куәгер ретінде жауап алынған. «Консилиумның төрағасы, бас дәрігердің орынбасары Әлібек Мұстафин өз жауабында Досқалиевтің клиникаға келіп түскен уақыттан бастап, бүгінгі күнге дейін адекватты және есінде екендігін мойындады», деп атап өткен М.Жұманбай, сөзінің дәлелді болуы үшін аталған дәрігерден сұрақ-жауап алынған бейне материалды БАҚ өкілдерінің назарына ұсынды.
Онда тергеушінің сауалдарына жауап берген Ә.Мұстафин қойылған жалған диагнозды және тергеу органдары мен БАҚ-қа ұсынылған жалған ақпаратты Досқалиевтің өтініші бойынша бергендіктерін айтып отыр.
«Осындай жауапты басқа да дәрігерлер берді. Олар өздерінің алғашқы жауаптарының жалғандығын мойындады», деп қорытты сөзін ресми өкіл.