Дәрігерлер Жамбылдағы атыстан зардап шеккендер туралы айтты
Еске сала кетсек, 6 қараша күні Жамбыл облысында Аса ауылынан Құмтиынға бара жатқан автомобильдің ішінде екі жолаушы керісіп қалады. Мұның арты топ болып атысуға әкеп соқтырады. Кеуде тұсына оқ тиген 30 жастағы Қаракемер ауылының тұрғыны қаза табады. Түрлі дәрежедегі тән жарақатымен сегіз адам ауруханаға түседі .
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 қарашадан 7-сіне қараған түні 01:00-ден ертеңіне 15:00-ге дейін Жамбыл аудандық орталық ауруханаға сегіз адам жүгінген. «Олар Құмтиын ауылының аумағында жарақат алғанын айтты. Алтауына қабылдау бөлімінде ем-дом жасалып, ал екеуі хирургиялық бөлімге жатқызылды. Олардың жағдайы орташа, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ем қабылдап жатыр», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Осы факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СДТБТ) ҚР ҚК 99-бабы («Адам өлтіру»), 2-бөлігімен тіркелді.