15:20, 03 Қазан 2013 | GMT +5
Дәрігерлер жыл сайын қазақстандықтар арасынан 1 млн. 300 мыңға жуық ауруды анықтайды - ҚР ДСМ
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Жыл сайын 7 миллион қазақстандықты денсаулық жағдайына тексеріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, қан айналымы жүйесі аураларына қатысты 2,5 миллион адам, қант диабетіне - 2,6 миллион адам, глаукома дерті бойынша 1,9 миллион азамат тексеріледі. Скринингтермен және тексерулермен жыл сайын 4,5 миллион бала қамтылады.
«Тексерілгендер санынан 1 млн. 300 мыңға жуық түрлі кезеңдегі дерттерді анықтаймыз. Негізгі аурулардың 48 түрі бойынша амбулаторлық деңгейде ақысыз дәрілік заттарды тағайындаймыз», - деді Е. Байжүнісов.
Вице-министрдің айтуынша, жыл сайын ел халқы біздің емханаларға 115 млн. 885 мың мәрте барады. Яғни, орташа есептегенде бір тұрғын емханаға 7 рет барады екен.