Дәрігерлерден есеп беруді талап етуге тыйым салуды ұсынамын – Бағдат Мусин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бүгін өзінің Facebook парақшасында медицина саласын цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмысттар туралы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрігерлерден есеп беруді талап етуге тыйым салуды ұсынамын – Бағдат Мусин

«Осы аптада елордадағы бірнеше мединицалық мекемеге арнайы бардым, себебі қазіргі уақытта біз медицина саласын цифрландыру бойынша міндеттерді іске асыруды басты назарға қойып отырмыз.

Ауруханалардағы медициналық ақпараттық жүйелер дәрігерлерге науқастың денсаулығындағы негізгі кінәраттарға уақытылы назар аударуға, қиын жағдайларда науқас үшін қажетті көмек көрсетуге бағытталуы тиіс. Бүгінде дәрігерлердің жұмысын жеңілдететін бірқатар жүйелер бар. Мәселен, жедел жәрдем мен ауруханалар арасындағы интеграциялық жүйе арқылы аурухананың қабылдау бөлімі жедел жәрдем арқылы келе жатқан науқастар туралы ақпаратты көреді. Ал Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылы тиімсіз 5 ақпараттық базаны қысқартты, ал біздің министрлік жүргізген талдаудан кейін биыл тағы да тиімділігін көрсетпеген 5 дерекқорды жою міндетін қойдым»,-дейді министр.

Нұр-Сұлтан қаласының №3 көпбейінді қалалық ауруханасы мен №9 емханасына барғанымда дәрігерлер жұмыстарына тежеу болып отырған мәселелер туралы айтты. Мысалы, дәрігер әрбір пациент үшін 13 минут уақытын компьютерге телміріп, тиісті жүйе арқылы анықтама толтырумен өткізеді. Анықтаманың ішінде көп уақыт алатын түсініксіз формалар бар, мәселен, пациентің жасы, салмағы, науқастың сырқатының тарихы және т.б. Осының бәрін жеке-жеке толтыру керек. Медицина қызметкерлері сонымен қатар қағазбастылыққа қатысты (есептер ұсыну) көптеген проблемаларын көтерді.

Бүгінгі таңда негізгі медициналық ақпараттық жүйелерден басқа дәрігерлер жұмыс істеуге мәжбүр 10 ақпараттық база бар. Бұның әрқайсысы уақытты алады. Уақытты компьютерге емес, пациентті қабылдауға жұмсау керек. Бір деректі бірнеше жүйеге қайталап орналастыруды болдырмау үшін тиісті ақпараттық дерекқорларды оңтайландыру туралы шешім қабылдадық.

Ақпараттық жүйелерді әзірлеушілердің алдына нақты міндеттер қойдым. Сапалы жүйенің негізгі көрсеткіші болуы үшін ақпараттық жүйелерге деректерді енгізуге жұмсалатын уақыт қысқартылуы тиіс. Біз 3 негізгі жүйеден - созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің, диабетпен ауыратындардың және жүкті әйелдердің тіркелімінен бас тартуды жоспарлап отырмыз. Бұл жүйелер тек есеп беру үшін жасалған, осыған байланысты дәрігерлер әлі күнге дейін кейбір мәліметтерді аталған дерекқорларға енгізуге мәжбүр.

«Сонымен қатар, ел деңгейінде дәрігерлерден есеп беруді талап етуге ТЫЙЫМ салуды ұсынамын. Жүйелер бар, тиісті дерекқорлар бар, тексеруші органдар керек болған жағдайда өздеріне қажетті мәліметтерді сол жерден ала алады. Біз қолжетімділікті қамтамасыз етуге дайынбыз.

Біз есептіліктен арылып, бірінші кезекте халыққа барынша бағдарлану керекпіз. Алдағы уақытта денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру жұмыстарына барынша бақылау жүргізу үшін өңірлердегі медициналық мекемелерге арнайы баруды жоспарлап отырмын!»,-деді Бағдат Мусин.