Дәрігерлердің қателіктерін есепке алу жүйесі әзірленуде

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында дәрігерлердің қателіктерін есепке алу жүйесі әзірленуде. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған Үкімет сағатында мәлім болды.
None
None

Министр Салидат Қайырбекованың айтуынша, елімізде бұған дейін Медициналық қызмет көрсетудегі кемшіліктерді есепке алу картасы бекітілген. Ал 2012 жылдың қазан айында республиканың 4 өңірінде (Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында) Медициналық қызмет көрсетудегі кемшіліктерді есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің ілкі жобасы іске қосылған. Ал дәл осы жүйе 2013 жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде енетіні көзделуде.

Тоқтала кететін жайт, 2012 жылы медициналық қызметке қатысты жеке және заңды тұлғалардың 1985 өтініші қаралған. Дегенмен, соңғы 3 жылдың ішінде азаматтар тарапынан жасалған негізгі шағымдарының көрсеткіші 25 пайызға төмендеген.

Соңғы жаңалықтар