Дәрігерлерге салмағы 500 келі пациентті ауруханаға жеткізу үшін арнайы құрал қажет болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикадағы Агуаскалиентес қаласының дәрігерлері салмағы 500 келі тартатын пациентті ауруханаға жеткізу үшін арнайы құралдарды пайдалануға тура келді.
Бұл туралы interfax.ru ЭФЭ агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
32 жастағы Хуан Педро Франко алты жылдан бері төсегінен көтеріле алмайды. ЭФЭ мәліметтеріне қарағанда, әңгіме әлемдегі ең семіз адам жайлы болып отыр.
Пациенттің өміріне қауіп төнбесі үшін он адамнан құралған топ: дәрігерлер, санитарлар және реаниматологтар жұмыс істеді.
Франконы ауруханаға жеткізу үшін бір тоннадан астам жүк көтеретін көлікті пайдалануға тура келген.
Бұдан басқа, оның туыстары Франконың темір сымдармен бекітілген, арнайы тұтқа мен ілмек орнатылған арнайы төсегін бұзып бірге арту үшін тер төгуге тура келді.
Медициналық мекеменің өкілі Габриэла Сентено кеше Гвадалахарға жеткізіліп, қан анализін тапсырғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, пациент Гвадалахарда бірнеше ай бойы жатып, емделеді.
Жеке клиникада дәрігерлер Франконың артық салмағынан арылуына көмектеспек. Мамандар алты айдың ішінде Франко диета отырып және терапияның көмегімен 40 келі тастайды деген сенімде. Содан кейін ғана ота жасалатын болады.
Ол туған кезде салмағы 3,7 келі болған. Жыл сайын 10 келіден қосып отырған. Ал 17 жасында оның салмағы 230 келіге жеткен.