Дәрілік есірткі заттарды Кеден одағы арқылы өткізу тәртібі бекітілді - Парламент

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады. Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Дәрілік есірткі заттарды Кеден одағы арқылы өткізу тәртібі бекітілді - Парламент

«Бұл келісім есірткіні, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағы кеден аумағы арқылы өткізудің тәртібі мен тетігін реттейді. Осы ретте жеке тұлғаларға заңнамада анықталған мөлшерде, расталатын медициналық құжаттар болған жағдайда жеке өзінің қолдануы үшін дәрілік препараттар түріндегі есірткі мен психотроптық заттардың шектеулі санын өткізуге рұқсат беріледі. Ал заңды тұлғалар ондай заттарды саудалық-медициналық және ғылыми мақсаттар үшін алып өтулеріне мүмкіндіктер қарастыырлады. Бұл ретте рұқсат беру құжаттары ұлттық заңнама аясында шешіледі», - дейді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Аталған келісімге 2013 жылдың 24 қазанында Минск қаласында қол қойылған.