Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу рәсімдерін түсіндіруге арналған кеңес өтті

АСТАНА.  10 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы Б. Байсеркиннің төрағалығымен

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу рәсімдерін түсіндіруге арналған кеңес өтті

дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу рәсімдерін түсіндіру мәселелері бойынша кеңес өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.

Кеңеске «Нұр-Отан» ХДП, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіби қауымдастықтардың, фармацевтикалық компаниялардың, Бірыңғай дистрибьютор және министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Бірыңғай дистрибьютор тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізімге сәйкес медицина ұйымдарына дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды және жеткізуді жүзеге асырады. Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу рәсімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген дәрілік заттарды ұйымдастыру және сатып алу ережесіне сәйкес бәсекелестікті, жариялылықты, шынайылықты, сатып алу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында үнемі жетілдіріліп отырады.

 Кеңесте көрсетілген ережеге дәрілік заттарды сатып алуды жеңілдету, артық әкімшілік тосқауылдарды жою бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар талқыланды.