Дарынды оқушылар «Болашақпен» шетелде оқытылуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – «Болашақ» бағдарламасының үміткерлерін іріктеу талаптары өзгеруі мүмкін. Бұл туралы ашық НҚА порталында жарияланған Үкіметтің қаулы жобасында айтылған. 

«Болашақ» түлегінің ісі медиация тәртібімен қаралып жатыр
Фото: freepik

«Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу үшін халықаралық, республикалық орындаушылар конкурстарының жеңімпаздарына жекелеген квота бекіту ұсынылады», - делінген қаулы жобасының түсініктемесінде.

Бұдан бөлек елдің ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында Split PhD бағдарламасын енгізу ұсынылады. Докторантура бағдарламасының бұл моделі екі серіктес жоо-ның базасында зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Қаулының толық жобасымен мына жердеен танысуға болады. 

Соңғы жаңалықтар