Дәрмен Сәдуақасов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әкімшілік жұмыстар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандық шахматшы Дәрмен Сәдуақасов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әкімшілік жұмыстар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
None
None

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Кадрлық тағайындау туралы Агенттік төрағасы Әлихан Бәйменовтің бұйрығы 2013 жылдың 2 мамырында шықты.

Дәрмен Сәдуақасов 1998 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанып, «Халықаралық гроссмейстер» атағына ие болды. Сол жылы бұл жеңісі үшін ҚР Президенті оны «Құрмет» орденімен марапаттады. Ал 2001 жылы Д. Сәдуақасов алғаш рет шахматтан ерлер арасында Қазақстан чемпионы болды. Одан кейін де осы атағын екі жыл бойы сақтап қалды. Ал 2004 жылы Копенгагенде болған халықаралық турнирде 1-орынды еншіледі.

Д. Сәдуақасов бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарды.

Соңғы жаңалықтар