Дәрменияр Қыдырбекұлы Астанадағы Есіл ауданының әкімі болып тағайындалды

дәрменияр қыдырбекұлы
Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM — Астананың Есіл ауданының әкімі тағайындалды. Бұл лауазымға 42 жастағы Дәрменияр Қыдырбекұлы кірісті. 

Ол 4 жылдан астам уақыт Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 

Еңбек жолын 2006 жылы «Мүлһин» қоры» қоғамдық бірлестігінде бастаған. 

Әр жылдары қоғамдық және жеке құрылымдарда жұмыс істеді. 

2012-2013 жылдар аралығында «Жетісу ӘКК» ҰК» АҚ (Талдықорған) басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

2013 жылы Талғар ауданы әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеді.

2013-2019 жылдар аралығында Талғар ауданы әкімінің орынбасары болды.

2019 жылғы 19 қарашадан бастап — Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.

Соңғы жаңалықтар