04:17, 15 Шілде 2013 | GMT +5
Дәрумендер өмір сүру ұзақтығын қысқартады
АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - «Biology Letters» журналында жарияланған Глазго университеті ғалымдарының зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, С және Е дәруменін мөлшерден көп ішкен адамның өмір сүру ұзақтығы төрт есеге қысқарады екен, деп жазады Raut.ru.
Бұрын азық антиоксиданттары (дәрумендер сияқты) ақуыздар мен липидтердің бұзылуын азайту арқылы жасушалардың қартаю процесін баяулатады делінсе, енді ғалымдар бұны жоққа шығарып отыр. Себебі Е және С дәрумендерін көп мөлшерде ішкен сұр тышқандар бақылау тобындағы тышқандардан әлдеқайда аз өмір сүрген.