Дарын Қонысбаев триатлоннан Украинадағы турнирде топ жарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Дарын Қонысбаев Львов қаласында (Украина) өткен триатлоннан халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Triathlon Cup-2019 жарысының финалы әртүрлі қашықтықты бағындырған 210 кәсіби және әуесқой спортшыларды жинады. Кәсіби спортшылар санатында үздік нәтижені Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Дарын Қонысбаев көрсетті. Ол 1500 метрге жүзіп, 40 шақырымды велосипедпен және 10 шақырымды жүгірумен 1 сағат 57 минут 56 секундта бағындырды. Екінші орынға Дарынан 1 минут кешіккен Юлиан Демьянов жайғасса, үшінші орынға 2 сағат 01 минут 50 секунд нәтижесімен Антон Блохин (Украина) ие болды.

Ал кәсіби әйел спортшылар арасында жүлдені жергілікті спортшылар өзара бөлісті.


Соңғы жаңалықтар