«Дарын» РҒПО тамыз педагогикалық кеңесін online режімде өткізуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы тамыз педагогикалық кеңесін алғаш рет online режімде өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтың үздіксіз кәсіби дамуы» тақырыбындағы кеңестің мақсаты - білім мазмұнын жаңарту жағдайында мамандандырылған мектептерде сапалы білім беруді қамтамасыз ету.

Елордада өтіп жатқан педагогикалық алаңның online жұмысына мамандандырылған білім беру ұйымдарының мектеп директорлары және орынбасарлары, пән мұғалімдері, өңірлердің Білім басқармаларының, «Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталықтарының өкілдері қатысуда.

«Қазіргі заман қоғамында болып жатқан әлеуметтік процестер баланың жеке тұлғасына және ішкі дүниесіне бағытталған жаңа білім беру мақсаттарын әзірлеу үшін дамытудың алғышарттарын жасайды. Әлем біздің көз алдымызда қарқынды өзгеріп отырады. Білім беруді ғана емес, экономика мен қоғамның орнықты даму жолында адамзат үшін елеулі жаһандық проблемаларды белгілейді. Эйнштейн айтпақшы, туғызған ойлау моделін өзгертпей, ескі мәселелерді шешу мүмкін емес. Бұл жағдайда болашақ білімнің инновацияларында екендігін айқын көреміз. Заманауи әлемде «жетілдіруді дамыту» - сұранысқа ие емес», - деді «Дарын» орталығынан.

Соңғы жаңалықтар