Дәстүрлі медицина әдістерін регламенттейтін стандарт әзірленеді

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрлігі дәстүрлі медицина әдістерін регламенттеу мақсатында стандарт әзірлейді. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

Антикор спорт саласындағы жемқорлық мәселесін тексереді
Фото: Kazinform

- Қазіргі уақытта елімізде дәстүрлі медицинаны регламенттейтін талаптар мен рәсімдер айқындалмаған. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі дәстүрлі медицина әдістерін регламенттеу мақсатында стандарт әзірлейді. Бұл құжатта дәстүрлі медициналық көмек көрсетудің негізгі міндеттері, тәртібі және оны көрсету шарттары, оның ішінде мамандар мен жабдықтауға қойылатын талаптар реттеледі, - деді Үкімет басшысы жауабында.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, дәстүрлі медицинаның бірнеше түріне – гомеопатия, рефлексотерапия, фитотерапия, мануалдық терапия, гирудотерапия, су-джок терапияға рұқсат берілген.

 

Соңғы жаңалықтар