Дәстүрлі «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жеңімпазы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Қабанбай ауылында «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлады бүгін Хабар24.kz.
None
None

Дәстүрге айналған жарыс биыл «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өтті.

Осыдан 2 жыл бұрын оза шауып, бәйге алған Жамбыл облысының «Самалы» биыл да бабында екенін байқатып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Тізімге 37 жүйрік жазылды. 8 айналымды алты айналуға тиіс жүйріктер биылғы сынның ерекше екенін сезінген секілді. Мәре сызығын анығында алтауы ғана кесті. Жетіншісіне күмәнмен қарағандар бар. Алғашқы айналымда 35 нөмірдегі шабандоз тақымындағы сүлік қара сүйкімді еді. Сүйкімді болатыны, өзгелерден оқ бойы озып шықты. 5-айналымның ортасына дейін жақсы келді.

«Атақты Қозыкүреңнің тұқымы, Алла бұйыртып шауып жүр. Ұтып та жүр. Өзі Луговойдан келген. Бәйгеге жаратып жатырмыз. «Самал» мықты екен. Үш жылда 2 рет бәйгеден келу мықты жылқыға тән қасиет. Қордайдың қорасынан шыққан жылқының ақшалай сыйлықтардан бөлек 8 көлік алуы көңіл көншітетін жаңалық. «Алтын тұлпардан» былтыр тыныққан «Самал» Алматы қаласының атынан шыққан қара атты алға салған. Орта тұсқа дейін нысанда ұстап отырды. Алтыншы айналым басталғанда да қара аттың екпіні қатты еді. Содан кейін тоқтады. Шабандозы шебер екен. Ілбіп болсын мәреден өтуді жөн көрді. Талай жер қалып қойған 2 жүйрік соңынан салған. Аяңнан да баяу қалпында қара ат үшінші келді. «Самалдан» кейінгі орында Олжас мінген «Қоянқасқа» тұр»,-деді атбегі Сейілхан Шынтасов. 

Соңғы жаңалықтар