Дәстүрлі әншілер Астананың туған күніне ән мен күйден шашу шашты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дәстүрлі әншілер Астананың 20 жылдығына ән мен күйден тарту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәстүрлі әншілер Астананың туған күніне ән мен күйден шашу шашты

«Інжу-Маржан» атты дәстүрлі музыка кеші «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтті.

«Алматы» телеарнасында «Інжу-маржан» атты музыкалық жобаның жүріп жатқанына көп болды. Осы бағдарлама арқылы көрермен тек ән тыңдап қана қоймай, сол әннің шығу тарихы жайлы біліп жатыр. Бүгінгі «Інжу-маржан» атты дәстүрлі музыка кеші сол хабардың жылдық қорытындысы ретінде өтіп отыр. Сондай-ақ, күллі Алаш жұртының мақтанышы Астананың 20 жылдық мерейтойына  арналады. Түрлі буын өкілдері қатысқан кеш керемет әсер қалдырды. Көрерменнің халық қазынасы, дәстүрлі ән-күйге деген ықыласы тіпті ерекше. Ұлттық құндылықтарымызды, дәстүрлі өнерімізді насихаттайтын осындай жобалар көптеп өткізілсе дейміз», - деді белгілі әнші Рамазан Стамғазиев.

nullКонцертті тамашалауға жиылған жұртшылық дәстүрлі өнер шаңырағында Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкіманов, Ұлжан Байбосынова, Айгүл Қосанова, Ардақ Исатаева, Тілеулес Құрманғалиев, Нұржан Жанпейісов, Ерболат Шалдыбеков, Дәуренбек Әркенов, Шолпан Дәржанова, Нұркен Әшіров, Оспан Құлсымақ, Сәулежан Тағзия және т.б. белгілі дәстүрлі өнер шеберлері мен «Сазген сазы» этнографиялық-фольклорлық ансамблінің орындауындағы көнеден жеткен жауһар жырды, әсем ән мен тәтті күйді тыңдап, құлақ құрышын бір қандырды.null