Дәстүрлі дінге бет бұрғандар көбейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жат ағымның жетегінде жүрген 540 отандасымыз ортамызға оралып, дәстүрлі дінге бет бұрған. Бұл туралы muslim.kz сайты хабарлады.

Дәстүрлі дінге бет бұрғандар көбейді

Мұндай мәліметті мұсылмандар діни басқармасының жылдық қорытынды жиынында бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жеткізді.

2014 жыл ─ дін мен дәстүр жылы болып аталып, аясында көптеген рухани шара атқарылған. Оның ішінде 1400 дін қызметшілерінің сауатын ашу, 17 мың адамға қайырымдылық көмектер, жастарды жат ағымдардан сақтау сынды сүбелі жұмыстар жүргізілген. Облыс имамдарын аттестациялау да биыл өткізілді. Бас мүфтидің айтуынша, жыл санап дәстүрлі дінге деген халықтың көзқарасы жақсарған. Оған республикалық ақпараттық насихат топтарының түрлі түсіндірме жұмыстары арқасында қол жеткізілген. Облыс имамдарының есептік жиыны екі күнге созылып, рухани саланы дамытудың тың жоспарлары қаралатын болады.

- Өзіміздің дәстүрлі дінмен 1 миллион 200 мың адам құлағдар болды. Және республикалық ақпарат насихат тобының тағы бір ерекшелігі осы жұмыстың нәтижесінде жат ағымда жүрген 540 бауырымыз дінімізге оралды. Биылғы жылы ғұламалар кеңесі құрылған, оған Қазақстандағы теолог діни мамандар тартылды. Осының нәтижесінде биыл 32 пәтуа шығарылды, - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти: Ержан қажы Малғажыұлы,