Дәстүрлі энергетиканы қолдаудан арылуымыз қажет - Нұрсұлтан Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәстүрлі энергетиканы қолдаудан арылуымыз қажет. Бұл туралы бүгін Х Астана экономикалық форумының жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР Президенті айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Экономикалық өсімі таза энергетиканы дамыту мен экологияны сақтауға негізделдуі тиіс. Париж келісімін барлығы бірдей орындау маңызды. Халықараоық агенттіктердің бағалауынша, оның мақсаттарына қол жеткізу жаһандық жылынуды баялатып қана қоймай, әлемдік экономиканы 20 трлн. долларға немесе 27 процентке өсуіне мүмкіндік береді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Елбасы Қазақстан Республикасы Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінің ішінде ең бірінші болып парникті газдар шығарындыларын квотамен сату жүйесін енгізгендігін баса айтты.
«Біз сәйкесінше нормативтік құқықтық база әзірлеп қабылдадық және бұл саладағы тәжірибемен бөлісуге дайынбыз. Сонымен қатар осы елдердің кеңістігінде атмосфераға эмиссияларды есептеу бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе құруды ұсынамыз. Біз эмиссиялар мен газдар бойынша ақпараттар әлемнің барлық елдері мен қалалары шегінде қолжетімді, әрі тиісті деңгейде болуына ұмтылуымыз керек. Толықтай алғанда шикізаттық экономиканы мемлекеттік қолдаудан бас тартқан Ирландия үлгісімен дәстүрлі энергетиканы қолдаудан және субсидиялаудан арылуымыз қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.