Дәстүрмен үндескен дінімізді ұрпаққа жеткізу - парыз
Семинар Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығының» ұйымдастыруымен өтті.
Семинарды жүргізген философия ғылымының докторы Бейсенов Бағдат жиналған қауымға қазақ жеріне ислам дінінің қай уақытта келгендігін түсіндірді.
Ата бабамыздың ұстанған дінін, шариғатын осы уақытқа дейін құрметтеп жеткізгені жайлы айтты.
Қазақ еліне жат болған дескрутивті ағымдардың қалай, қашан пайда болғанын, олардың қазіргі қоғамға қандай кері әсерін тигізіп жатқандығы туралы сөз қозғады.
«Сонау Х ғасырда қазақ жеріне келіп өзіміздің дәстүрлі ұстанымымыз болған имам Ағзам Абу-Ханифа мазхабын сақтай отырып, оның ішінде Матруди ақидасын бекем ұстанып келген ата-бабарымыздың жолында жүруіміз керек. Онымен қоймай осы жолды өсіп келе жатқан ұрпағымызға еш өзгертпестен жеткізуіміз міндет», - деді Бағдат Бейсенов.
Сонымен қатар, спикер Қазақстан Республикасы заңымен тыйым салған ағымдарды тізбектеп айтып, бұл ағымдарға не үшін тыйым салынғанын көпшілікке егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікірлерін еркін білдіріп, ашық сұхбаттасты.