Дат премьері Франсуа Олландтың резиденциясынан шыға бере құлап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижге бірлік маршына қатысуға келген Дат премьері Хелле Торнинг-Шмитт Франция Франсуа Олландтың резиденциясынан шыға бере баспалдаққа сүрініп, тізерлей құлады, деп хабарлайды vesti.ru.
None
None

Саясаткердің орнынан жедел тұрып кетуіне жанында ілесіп жүрген Францияның қорғаныс министрі Николаи Ваммен және әділет министрі Метте Фредериксен көмектесті.

Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, мұндай оқиғаның болуы бірінші рет емес.

«Бірде осында мен туфлиімді жоғалтып та алғанмын», деді ол жанында тұрған журналистерге күлімсірей қарап. «Бір таңқаларлығы, осындай құлаудан кейін де менде бәрі ойдағыдай».

Еске сала кетсек, Парижде өткен республикалық бірлік шеруіне 1,5 млн адам қатысты. Олардың ішінде мемлекет басшылары мен танымал саясаткерлер бар.

Соңғы жаңалықтар