Даттық дизайнер ғаламтор желісіне қосылуға мүмкіндік беретін костюм «тікті»
Алайда BB.Suit барлық жерде қолжетімді болуы үшін біраз құрылымдық жұмыстар жүргізу қажет. Бұл орайда Аккерсдийк бастаған топ біраз іс тындырып үлгерді. Олар костюмнің қалталарына аккумуляторлар, процессор платалары мен интерфейс актуаторларын орналастырды. Бірақ мұндай киім күнделікті киюге жарамсыз болды.
2009 жылы Аккерсдийк тоқыма машиналардың көмегімен тәжірибе жасап, оны басқаша бағдарламалау арқылы көлемді маталар алуға болатынына көз жеткізген. Кейін ол маталарға желі өткізгіш талшықтар қосқан.
Атап өту керек, BB.Suit сынды киім тігу қиын. Себебі, онда жүргізілген талшықтар мен чиптерге кір жуғыш машинада жуғанда еш зақым келмеуі тиіс.
Бүгінде Аккерсдийк өз командасымен түрлі технологияларды пайдаланып, киімде Google-ді іске қосу үшін бар күшін салып жатыр. Олардың ендігі мақсаты - киіммен тікелей байланысатын технологиялық платформа орнату, деп жазады oko-planet.su.