Даулардың жекелеген санаттары Азаматтық-процестік кодекстен әкімшілік рәсімдік құжатқа ауыстырылады

заң
Фото: parlam.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

«2021 жылғы 1 шілдеде мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалардың өзара іс-қимыл тәсілдерін түбегейлі өзгерткен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (ӘРПК) қолданысқа енгізілді. Осы кодекс қолданысқа енгізілгеннен кезден бастап, ережелердің тиімділігі әкімшілік соттарда дауларды қарау тәжірибесінде көрінді. Сонымен қатар, құқық қолдану практикасы ӘРПК-нің процедуралық және процестік бөліктерін одан әрі жетілдіру қажет екендігін көрсетті. 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында әкімшілік әділет саласын одан әрі кеңейту қажеттігін атап өтті. Әділет министрлігі Үкімет алдына қойылған міндеттер аясында қаралып отырған заң жобасында көрсетілген белгілі бір бағыттарды әзірледі», - деді Әділет министрі Азамат Есқараев.

Заң жобасы мынадай негізгі бағыттар ескерілген:

Біріншісі – жария-құқықтық даулардың жекелеген санаттарын Азаматтық процестік кодексінен әкімшілік әділет аясына көшіру. Оларға «Нормативтік құқықтық актінің заңдылығын даулау туралы істер бойынша іс жүргізу» АПК-нің 30-тарауы және «Азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау туралы істер бойынша іс жүргізу» АПК-нің 44-тарауы жатады.

Екіншісі – Үкіметке мемлекеттік органдар және мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар арасындағы заңнамалық нормаларды түсіндіру жөніндегі дауларды шешу жөніндегі өкілеттіктерді бекіту. Әділет министрлігі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар арасындағы дауларды ӘРПК ережелері (дауларды сотқа дейін реттеу) және Үкімет Регламентінің ережелері бойынша қаралатын тәсілді әзірледі.

Үшіншісі - Әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың жекелеген нормаларын одан әрі түзету, сондай-ақ ӘРПК-ке тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар арасындағы даулардың шешу жөніндегі өкілеттіктерді бекіту қажет екенін де атап өтті. Осылайша, Әділетмині мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар арасындағы даулардың ӘРПК ережелері (дауларды сотқа дейін реттеу) және Үкімет регламентінің ережелері бойынша қаралу тәсілін әзірледі. Мәселен, егер бір мемлекеттік орган басқа мемлекеттік органның шешімімен келіспесе, онда ол жоғары тұрған мемлекеттік органға әкімшілік шағыммен жүгінуге құқылы және тиісінше жоғары тұрған мемлекеттік органның шешімімен келіспеген жағдайда, ол Үкімет аппаратына жүгінуге құқылы болады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар