Дәулет Бекманов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Бекманов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

БЕКМАНОВ Даулет Нысанхулович
Фото: instagram.com/daulet.bekman/

Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Нысанқұлұлы Бекманов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Дәулет Бекманов

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да АКТ бөлімінің жетекші маманы

АКТ процестерін талдау және менеджменті тобының бас менеджері

АКТ бөлімшелерінің жұмыс істеу бағдарламасының бас ұйымының АКТ процестерін талдау және менеджменті тобының бас менеджері

IT-консалтинг тобының талдаушысы қызметтерін атқарды (2007-2009)

«Денсаулық сақтау инвестициялық жобаларын басқару орталығы» ЖШС-нің жетекші маманы болды (2009-2011)

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бас талдаушысы, ҚР МСИ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасының бастығы қызметтерін атқарды (2011-2012)

ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің электрондық қызметтерді бақылау басқармасының бастығы және басшысы болды (2012-2013)

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің электрондық қызметтерді және ХҚКО-ларды дамыту департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды (2014)

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің электрондық қызметтерді бақылау басқармасының басшысы болды (2014-2016)

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті директорының орынбасары және ақпараттандыру департаментінің директоры қызметтерін атқарды (2016-2017)

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды (2017-2020)

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметін атқарды (2020 - 2023)

«Қазпошта» АҚ-ның мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі басқарушы директоры болды (2023 - 2025)

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарады (2025 жылғы шілдеден бастап)

Білімі

«Мирас» университеті (2004)
«Информатика» мамандығы

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (2010)
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы