Дәулет Тұрлыханов ұлының сот үкіміне қатысты пікір білдірді

Дәулет Тұрлыханов ұлының сот үкіміне қатысты пікір білдірді
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлы Болат Нұрасылға кесілген сот үкімінің өзгеруіне қатысты түсініктеме берді.

«Сот шешімі бар, бірақ әке ретінде әрқашан ұлым үшін алаңдаймын», - деп жауап берді Дәулет Тұрлыханов Мәжіліс алаңында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Айта кетейік, кеше Жоғарғы сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына кесілген үкімді өзгертті. 

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 9 қазанында Алматы қалалық әскери сотында заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Черновты соққыға жыққан Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты сот үкімі шыққан болатын. 

Сотта анықталғандай, сотталушы Б. 11 ақпанда сағат 02.00 шамасында «Ева» түнгі клубының жанында бұзақылық ниетпен жәбірленуші, ерлі-зайыпты Ч-ға қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтірген.

Сотталушының кінәсі өзі мойындаған айғақтарымен, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамаларымен дәлелденгенін хабарлаған едік.

Прокурор сотталушы Болат Нұрасылға 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұраған еді.

Соңғы жаңалықтар