ДӘУЛЕТБАЙ БАТЫР

Дәулетбай Сатыұлы (1702-1762) - жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батырлардың бірі. Орта жүз Найман тайпасы ішіндегі Қаракерей руынан шыққан. Қаракерей Қабанбайдың немере інісі, әрі үзеңгілес серігі.
None
None

Дәулетбай бабамыз өз заманының батыры, сөз ұстаушысы, әрі әділ биі болған. Елдің қаймағы бұзылып, іргесі сөгілмеуіне өлшеусіз үлес қосқан. Қаһармандығы үшін есімі Қаракерей руының ұранына айналған.

Жетісу, Тарбағатай, Алтай өлкелерін жоңғарлардан азат ету жорықтарында Қаракерей Қабанбай батыр басқарған қазақ әскерімен бірге алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысқан.

Елдің намысын жоқтап, айбарына мінген Дәулетбай батыр Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Шығыс Қазақстан өңірлерін азат еткен.

Ел аузындағы жазылған деректерден Қаракерей Қабанбай бақилыққа дайындалған кезде немере інісі Дәулетбайды шақыртып: « Елді басқарып, жаудан қорға, мені жоқ деп айтқызба жауға!» -  деп елінің туын өз қолымен ұстатқан екен дейді.

Дәулетбай батыр еліміздің шығыс шекарасын қорғауда өлшеусіз із қалдырған. Ер Дәулетбай ғұмырын туған халқының бостандығы мен азаттығына арнаған. Өзі қатарлас батырлармен бірге халқын тарихтың алмағайып зар заман тұсы, өлі ара кезеңінен алып шыққан.

Дәулетбай батыр Сатыұлы Шар өзені бойында жерленген.

2002 жылы Даулетбай батырдың туғанына 300 жыл толуына орай  бабамыздың туған елінде кең көлемде атап өтілді.

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылының Бозшы орта мектебіне Дәулетбай батырдың есімі берілген.

 Дерек көзі:

К.Сейсебаев. Наймандар - «Рудный Алтай» газеті - 1998 ж.

  

Соңғы жаңалықтар