11:50, 14 Мамыр 2019 | GMT +5
Дәурен Абаев әлеуметтік желінің бұғатталуына қатысты пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің әлеуметтік желінің бұғатталуына еш қатысы жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген аталған ведомствоның басшысы Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі байланысқа жауап бермейді, яғни қызметіне кірмейді. Қазір мен лайықты деңгейде пікір білдіре алмаймын. Бірақ, шынымен де правайдерлер техникалық ақаулардың болғанын айттып отыр. Қандай техникалық проблеманың болғанын солардан сұрау керек», - деді министр.
Сонымен қатар, ол алдағы уақытта мұндай проблеманың болмауы тиістігін баса айтты.
«9 мамырда байқалған проблемалар 9 маусымда тағы қайталанады деп ойламаймын. Өйткені, провайдерлер ол уақытқа дейін техникаларын жөндеп үлгерер», - деді Д.Абаев.