Дәурен Абаев азаматтық авиация мәселелерін назарға алуға уәде берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұшырылым қауіпсіздігі аптаның негізгі тақырыптарының бірі болды. Сондықтан Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Хабар арнасында «Ашық диалог» жобасы аясында азаматтық авиацияда жиі кездесетін оқиғалар жайлы егжей-тегжейлі түсінік берді.
None
None

«Біздің азаматтық авиацияға деген азаматтардың қызығушылығы өте түсінікті, себебі мәселе қауіпсіздік жайында. Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына нақты ақпарат берілетін болады. Қазірдің өзінде ұшу экипажы қатаң түрде нұсқаулықпен әрекет етіп, жолаушылар үшін қауіпті азайтқаны белгілі», - деп атап өтті Д. Абаев.

Ведомство басшысы әңгіме жүйелік ақауда деп санамайды, өйткені барлық үш ұшақ  түрлі үлгіде.

«Мемлекет халықаралық авиажелілерде де, азаматтық желілерде де қауіпсіздікке баса  назар аударады. Азаматтық авиацияда ұшырылым қауіпсіздігінің тұтас бағдарламасы бар. Үкімет пен Азаматтық авиация комитеті ИКАО-мен тығыз жұмыс істеуде. Қазақстан бұл ұйымның барлық қажетті нұсқаулықтары мен қажетті нұсқамаларын орындауда», - деді министр.

Дәурен Абаев азаматтық авиация мәселелерін ақпараттық жариялауға байланысты мәселелерді басты назарға алуға уәде берді.

Соңғы жаңалықтар