Дәурен Абаев: Елбасының ел қамы үшін тағдыршешті міндеттерді қоюы - көп нәрсені аңғартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде көтерген әлеуметтік бастамалары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәурен Абаев: Елбасының ел қамы үшін тағдыршешті міндеттерді қоюы - көп нәрсені аңғартады

«Ең біріншіден, бұл съез - партияның 20 жылдық жұмысын қорытындылау деп айтар едім. Осы жылдардың ішінде «Нұр Отан» эволюцияның барлық кезеңдерінен өтіп, шағын бірлестіктен - ірі саяси күшке айналды. Бүгінгі таңда партия біздің елдің бүкіл саяси жүйесінің саналы әрі ең бастысы жүйе құраушы элементі болып отыр. Мемлекет басшысы өз жақтастарының алдына ел үшін тағдыршешті міндеттерді қоюы - көп нәрсені аңғартады», - дейді министр «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Дәурен Абаевтың айтуына қарағанда, Президент өзінің бағдарламалық баяндамасы әлеуметтік бастамалардың ауқымы мен саны жағынан теңдессіз болып отыр.

«Өз сөзінде Мемлекет басшысы әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесін бүгін сезінуі керек деді. Менің ойымша, азаматтарға ғана емес, Үкімет пен әкімдіктерге, партиялық филиалдарға жолданған үндеу секілді. Бұл ретте съез - бүкіл атқарушы және заңнамалық жүйелердің жұмысының бастауы болмақ. Қойылып отырған міндеттердің ауқымы көпті тамсандырып отырғанына ешкім таласа қоймас. Міндеттемелер картасына - көпбалалы отбасыларды қолдау, бюджет қызметкерлерінің жайы, қолжетімді баспананың құрылысы, жол, ауыз су секілді маңызды мәселелер еніп отыр», - дейді Дәурен Абаев.

Айта кетсек, кеше елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтті. Жиында Мемлекет басшысы халықты қолдауға арналған біршама әлеуметтік бастамалар туралы сөз қозғаған болатын.