Дәурен Абаев еңбек демалысының бір күнін реалити шоуға арнайтын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев еңбек демалысының бір күнін реалити шоуға арнайтын болды. Бұл туралы министр өзінің Фейсбуктағы парақшасында хабарлады.
None
None

«Құрметті достар! 29 тамыз күні Алматыға іссапармен барғанымда "24 сағат табиғат құшағында" деп аталатын реалити шоуға қатысу тұралы ұсыныс түскен болатын. Әрине, бірден қабыл алдым. Өйткені, мен ауыл баласымын. 17 жасыма дейін ауылдың тіршілігін көріп өстім. Әлі де ауылмен байланысымды үзбей келемін», - деп жазды ол.

Одан бөлек Дәурен Абаев табиғат аясында 24 сағатын өткізу оған еш қиын болмайтынын айта кеткен.

«Бағдарламаға қатысу уақытын еңбек демалысыма орайластырып отырмын. Табиғат ананың құшағында болу мен үшін таңсық дүние емес. Сол себептен әріптестерімнің ұсынысына қарсылық білдірмедім. Құрбан айт қабыл болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» - деп түйіндеген жазбасын ол. 

Соңғы жаңалықтар