Дәурен Абаев Қарттар үйіндегі егде адамдар туралы видеоролик жариялады

   АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook-тағы өз парақшасында біздің қоғамдағы барынша өзекті мәселелердің бірі туралы видеоролик жариялады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Дәурен Абаев Қарттар үйіндегі егде адамдар туралы видеоролик жариялады

 «Қазақстанда қарттар үйінде 4200 егде жан - аталарымыз бен әжелеріміз бар. Олар бұл өмірдің мәнін түсінеді, ал біз...» - деген сөздермен аяқталады видеоролик.

Қазақстан қоғамында атам заманнан үлкендерге құрметпен қарап келдік, кеңестерін тыңдап, ақсақалдар дауларды шешті. Соңғы уақытта түрлі себептермен, өкінішке орай, қарттар үйінде жалғызбасты адамдардың саны артты.