Дәурен Абаев Қазақстанда әлеуметтік желілердің жұмысындағы ақауларға қатысты пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желілердің жұмысындағы ақауларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәурен Абаев Қазақстанда әлеуметтік желілердің жұмысындағы ақауларға қатысты пікір білдірді

Оның сөзінше, Қазақстанда Интернетті жеткізуге байланыс операторлары жауапты. Мысалға, олар Қазақтелеком немесе Транстелеком болуы ықтимал. 
«Егер проблемалар шығып жатса, демек байланыс операторына байланысты. Біз оны анықтап жатырмыз, ақпаратты ұсынатын боламыз», - деді министр Үкімет отырысынан соң, тілшілерге берген сұхбатында. 
Айта кетейік, соңғы күндері қазақстандықтар Twitter, Instagram және Facebook сияқты әлеуметтік желілерде жұмыс істеу қиынға соғатынын айтып, шағымданған болатын.