19:11, 13 Наурыз 2017 | GMT +5
Дәурен Абаев көрермендермен ашық диалог жасайтын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Ашық диалог» атты телевизиялық бағдарламаға қатысуда, деп хабарлайды "САЯСАТ" .

«Хабар» телеарнасында әр апта сайын өзекті мәселелер талқыланатын «Дәурен Абаевпен ашық диалог» бағдарламасы көрсетіледі. Бұл бағдарламада қозғалатын мәселелер аясы кең: ақпараттық саясаттан бастап, бензин бағасының көтерілуі мен білім реформасына дейін талқыланатын болады.
Министр өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларын қолданбастан, жұртшылықтың алдына тікелей эфирге шығып жұмыс жасауды ұйғарған. Михаил Дорофеев жүргізетін бұл бағдарламада ведомство басшысына өзекті сұрақтар қойылуда.