Дәурен Абаев мерейтойларын атап өтетін БАҚ-тарды марапаттады

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Astana Media Weeк аясында өтіп жатқан форумда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бірқатар өңірлік БАҚ-ты мерейтойларымен құттықтап, алғыс хаттар табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәурен Абаев мерейтойларын атап өтетін БАҚ-тарды марапаттады

Атап айтқанда, Дәурен Абаев Шығыс Қазақстан облыстық «Рудный Алтай» газетінің - 100, «Атырау» газетінің - 95, Ақмола облыстық «Есіл Нұра» және «Вести Акмола» газетінің - 90, Қызылорда облыстық «Жаңақорған тынысы» газетінің - 85, Алматы облыстық «Заман жаршысы» газетінің - 85, Павлодар облыстық «Ақ жол - Новый путь» газеті мен Халық радиосының - 80, Қарағанды облыстық «Жаңаарқа» газетінің - 80, «Вечерний Алматы» газетінің - 50, «Маңғыстау» газетінің - 45, Қарағанды облыстық «Сарыарқа» газетінің - 45 , «Алматы ақшамы» газетінің - 30, Батыс Қазақстан облыстық «ТДК 42» телеарнасының - 20,  Қостанай облыстық «Алау ТВ» телеарнасының 20 жылдық мерейтойларымен құтықтап, БАҚ басшыларына алғыс хаттар табыс етті.

nullСа  лтанатты шара барысында сөз алған «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай осымен үшінші рет өтіп отырған «Өңірлік БАҚ» форумы үлкен ақпарат алаңына айналғандығын баса айтты.null 

«Мемлекет басшысының қолдауымен, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тікелей ұйымдастыруымен өтіп жатқан бұл форум еліміздің медиа кеңістігін нығайтуда, дамытуда үлкен қадамдар жасап отыр. Медиа мәдениетті қалыптастыруда мұндай форумдардың ықпалы өте зор. Әсіресе, жергілікті БАҚ-тардың жұмысын дамытуға да зор серпін берері сөзсіз. Тәуелсіздіктің елең-алаңында үлкен тартыспен, зиялы қауым өкілдерінің қолдауымен жарық көрген «Алматы ақшамы» газетіне осы форум аясында көрсетіп отырған құрметіңізге рахмет», - деді газет басшысы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа.null nullnullnull 

 

 null  

null null null null null null null null