Дәурен Абаев «Рухани жаңғыру» аясындағы жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

АЛМАТЫ. ҚАЗАҚПАРАТ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жобалардың жүзеге асырылуымен танысты. Олар: «Қозы Көрпеш - Баян-сұлу» және «Батырлар» ұлттық сериалдары, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Министр осы шарада Баян Мақсатқызының продюсерлігімен дайындалған телеөніммен танысты. Продюсер қазақтың тамаша халықтық поэмасы «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» лиро-эпостық жырының желісімен кино түсірген. Фильмге «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тапсырыс берген. Кездесуде өнерпаздар ұжымы министрге сериалдың монтаждалған бөлігі мен тизерін көрсеткен.



«Бұл - біз қолға алған ең күрделі жоба. Тарихи сериалды түсіру өте қиын. Бірақ, соған қарамастан, біздің команда тәп-тәуір туынды шығаруға тырысып бақты. Эпосты экранда қайта жаңғырту үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтқым келеді, оның үстіне оның өте көп нұсқасы бар. Бірақ көрерменге сапалы дүние ұсыну үшін қолымыздан келгенін жасадық», - дейді сериал продюсері Баян Мақсатқызы.



Дәурен Абаев «Хабар» телеарнасының жаңа маусымына әзірленіп жатқан тағы бір ұлттық сериалдың локациясымен танысты. Қазақ батырлары жайындағы сериалды режиссер Асқар Ұзабаев Жоңғар Алатауында түсіріп жатыр. Дәурен Абаев қазірше «Батырлар» деп аталып отырған осы сериалдың бір эпизодының түсірілімінде болды.



«Елбасының тікелей тапсырмасымен отандық сериалдарды көбейту үстінде жұмыс істеп жатырмыз. Барлығы ойдағыдай жүріп жатса, биыл халыққа 39 сериал ұсыну жоспарда бар. Біз мұнда қаншалықты күрделі жұмыс жүріп жатқанын, жобаға көптеген адамдар жұмылдырылғанын көрсету үшін келдік. Сериал түсіру жұмысын ұйымдастыру, мына костюмдерді тігу - мұның барлығы оңай тірлік емес. Бірақ негізгі бағаны көрермен береді. Сондықтан, бұл жақсы болады деп үміттенемін», - деп атап өтті Дәурен Абаев.



Іссапар аясында Дәурен Абаевқа Ақпарат және коммуникациялар министрінің өзі қайтара алмайтындай ұсыныс жасалды.
«24 сағат табиғат құшағында» жаңа реалити-шоуының тұсаукесерінде «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты бағдарлама хабарларының бірінде қонақ болуға шақырды. Министрдің өзі айтқандай, енді шоу-24 хабарына қатысу үшін бос уақыт табу мәселесін шешу ғана қалды.

Соңғы жаңалықтар