Дәурен Абаев: Сериалдарымыздың жиі талқылануы біздің жұмысымыздың жақсы нәтижесі
«Бүгінгі панельдік сессияның тақырыбы да өзекті. Сериал - бұл телевизияның айрықша өнімі. Өздеріңіз де жақсы білесіздер, әлемде сериал бойынша бизнес-индустрия қалыптасты. Көптеген сериалдар түсіріліп жатыр. Олар тек қаржы тұрғысынан ғана емес, қоғамға ықпал ету жағынан да көрерменге ерекше әсер сыйлайды», - деді министр.
Осы орайда ол 2-3 жыл бұрын қоғам тарапынан отандық телеарналарда шетелдік - түрік, үнді сериалдарының тым көбейіп кеткені туралы сыни мақалалар мен посттар көп жазылғанын айтты. Орынды айтылған ескертпелер де аз болмағанын атап өтті.
«Ал қазір қарасаңыздар, үнді сериалдары, түрік сериалдары да бар. Бірақ, біздің сериалдарға қатысты сын, ой талқыланады. Бұл мені қуантады. Әрине, контент сапасына қатысты сын айтылғаны жөн. Алайда, шетелдік сериалдардан гөрі өзіміздің сериалдарды талқылап жатқаны біз жүргізген жұмыстың жақсы нәтижесі деп білемін»,- деді Дәурен Абаев.