Дәурен Абаев: Түркістан облысында шаруа лимон бағын өсіріп, 5 млн теңге табыс тапқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасының «Ашық диалог» бағдарламасында Түркістан облысында лимон бағын өсірген шаруа туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәурен Абаев: Түркістан облысында шаруа лимон бағын өсіріп, 5 млн теңге табыс тапқан

«Түркістан облысында Юлдаш Аблазев есімді азамат 10 сотық жерге лимон бағын өсірген шаруа тұрады. Ол былтыр осы бақтан 5 тонна лимон жинап, 5 миллион теңгеден астам табыс тапқан», - дейді Дәурен Абаев.

Ол 10 сотық жер - шағын бақша ғана екенін айтты.

«Биыл ол лимон бағын тағы да 10 сотыққа кеңейтуді жоспарлап отыр. Лимон ағаштарын отырғызып қойған. Шаруа оны күтіп-баптауда. Бұл еңбекқорлықтың жақсы үлгісі», - дейді министр.