Дәурен Елеусінов АҚШ-та жеңіс тұғырына көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіби боксшы Дәурен Елеусінов американдық Хартфордта бокс кеші ауқымындағы жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлады Sports.kz.
Қазақстандық былғары қолғап шеберінің қарсыласы АҚШ-тан супер орта салмақтағы Джей Уильямс болды. Жекпе-жек алтыншы раундта техникалық нокаутпен Елеусіновтің жеңісімен аяқталды. Бұл - Дәуреннің кәсіби рингтегі екінші жеңісі.