05:16, 18 Ақпан 2016 | GMT +5
Дәурен Елеусінов Бернард Томаспен айқас алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте (АҚШ) салмақ өлшеу рәсімі өтті. Бокс кеші аясында рингке 29 жастағы қазақстандық сайыпқыран Дәурен Елеусінов шығады, деп хабарлайды Inboxing.kz.

6 раундқа созылатын жекпе-жектегі қарсыласы - 25 жастағы америкалық Бернард Томас. Боксшылар талап етілген салмақтан аса қоймады. Дәурен 161 фунт (73 кел) болса, Бернардтың салмағы 162 фунтты (73,48 келі) құрады.
Бұл айқас Елесіновтың спорттық жолындағы бесінші жекпе-жегі болмақ. Осының алдындағы барлық кездесулерін қазақстандық айқын басымдықпен аяқтаған. Ал үш қарсыласын уақытынан бұрын тізе бүктірді.