Дәурен Елеусінов бесінші жекпе-жегін 17 ақпанда өткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 ақпанда Нью-Йоркте (АҚШ) орта салмақта 29 жастағы қазақстандық боксшысы Дәурен Елеусінов кәсіби рингтегі өзінің бесінші жекпе-жегін өткізбек. Бұл туралы sports.kz жазды.
6 раундтық айқаста қазақстандықтың қарсыласы кім болатыны әзірге айтылған жоқ, деп хабарлады Inboxing.kz.
Сондай-ақ, Елеусінов 16 сәуірде Нью-Йоркте (АҚШ) тағы бір жекпе-жек өткізуді жоспарлаған.
Дәурен Елеусінов кәсіби рингтегі төрт айқасында да (3 КО) жеңіске жетті.