01:01, 15 Тамыз 2020 | GMT +5
Дәурен Елеусінов WBC титулы үшін айқас алдында салмақ өлшеуден өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ешқашан жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО) Мексикадағы титулдық жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
15 тамызда Гвадалахарда ол жергілікті боксшы Хуан Карлос Райгоспен (16-15-3, 6 КО) орта салмақта WBC International нұсқасы бойынша чемпиондық титул үшін айқасады.
Бұл жекпе-жек алматы уақыты бойынша Қазақстанда 16 тамыз күні таңертең болады.
Елеусінов өзінің Instagram парақшасында салмақ өлшеу рәсімі сәтті өткенін жазып, бірнеше суреттерін жариялады.