Дәурен Елеусіновтің WBC титулы үшін жекпе-жегі бокс кешінің үстінде тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін түнде қазақстандық боксшы Дәурен Елеусіновтің (8-0-1, 7 КО) Мексикада жергілікті спортшы Хуан Карлос Райгосамен (16-15-3, 6 КО) орта салмақта WBC International белдігі үшін титулдық жекпе-жегі өтуі тиіс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
None
None

Дәурен Елеусінов айқастың болмайтыны туралы бокс кешінің үстінде білген. Жергілікті билік бұл жекпе-жектің өткізілуіне қарсы шықты. Олардың мәлімдеуінше бұл шешім Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) сияқты құрметті ұйымның абыройына нұқсан келмеуі үшін қабылданған. Олар жарыс өткен Гвадалахараның COVID-19 коронавирусын жұқтырудың «қызыл» аймағына кіретінін еске салды. Басқа жекпе-жектер жоспарланған кесте бойынша өткізіледі.

Елеусінов пен Райгоса арасындағы титулдық жекпе-жектің енді бір аптадан кейін Мексиканың басқа қаласы – Мехикода өтеді деп көзделіп отыр.

Еске сала кетсек, WBC нұсқасы бойынша орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы – Америка боксшысы Джермалл Чарло (30-0, 22 КО). Сондай-ақ қазақстандық Геннадий Головкин де (40-1-1, 35 КО) бұл дивизионда IBF және IBO екі белдігіне ие.


Соңғы жаңалықтар