Дәурен Кәріпов Қазақстанның Латвиядағы Елшісі лауазымына тағайындалды

Дәурен Кәріпов
Фото: ҚР СІМ

Дәурен Кәріпов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Кazinform Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Даурен Айтбайұлы Кәріпов 1969 жылы 2 шілдеде Талдықорған облысында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің маманы ретінде бастаған. Кейін 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Бас консулдық басқармасының референті болды. 1996-1998 жылдары ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің атташесі, үшінші хатшысы болды. 1998-2001 жылдары ҚР Германиядағы Елшілігінің үшінші хатшысы, ал 2001-2003 жылдары ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің екінші хатшысы болды.

2003-2007 жылдар аралығында ҚР Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығының үшінші хатшысы, вице-консулы, консулы болды. 2007 жылы ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті басқармасының бастығы болып тағайындалды. 2008-2012 жылдары – ҚР Швейцариядағы Елшілігінің кеңесшісі, ал 2012-2013 жылдары – ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің кеңесшісі болды.

2013-2019 жылдары Германияда ҚР Берлиндегі Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі және Майндағы Франкфурт қаласындағы ҚР Бас консулы қызметтерін атқарды. 2019-2022 жылдары – Қазақстанның Германиядағы Елшісі.

2022 жылдың маусымнан бастап Қазақстанның Латвиядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болды.

I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.

Неміс тілін меңгерген.

Соңғы жаңалықтар