Дәурен Орынбаев бильярд спортынан ҚР абсолютті чемпионы атанды

АЛМАТЫ. 5 қараша. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда «Бастау» бильярд клубында осы спорт түрі бойынша клубтық командалар арасында республикалық чемпионат аяқталды.

Дәурен Орынбаев бильярд спортынан ҚР абсолютті чемпионы атанды

Жарысқа жыл басынан бері көп ұпай жинаған, еліміздің мықты деген 8 шебері қатысты. Чемпионат барысында спортшылар еркін, динамикалық және қоланбалы пирамида түрлері бойынша сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды алматылық спорт шебері Дәурен Оынбаев жеңіп алды, ол жақсы нәтиже көрсетіп ҚР абсолютті чемпионы атанды. 2-ші орынды Арби Муциев иеленді. Ал, 3-ші орын Айдос Тұғанбаевтің еншісіне тиді.